Кітапханада сотталғандарға онлайн концерт өтті
Алматы облысының ЛА-155/6 мекемесінде концерттік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 шілде Елорда күніне орай ЛА-155/6 мекемесінде Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Шарайна Құмарова және Айзада Қаршыбекпен бірлесіп онлайн концерттік ic-шара өткізілді.
Іс-шара барысында астанамыздың символы, еліміздің астанасын ауыстыру туралы ҚР Президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, бұрынғы Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.
– Еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Жасөспірімдерді шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту, – бұл біздің мақсатымыз деп мекеме бастығы Мирас Толубаев ой қорытты.
Іс-шара кітапханашылар дайындаған Астана қаласы туралы баяндамадан басталып, көрнекті қала туралы, қызықты кітап көрмесі көрсетілді. Сотталған жасөспірімдер әсем қала туралы, слайдтар көріп жақсы әсер алды.
Бүгінгі өткен онлайн іс-шара қызықты өтті. Кештің соңында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының ішін онлайн саяхат жасап көрсетті.