Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді

Көкшетау тұрғыны ақмолалық полицейлерге жолда көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласы ПБ ППБ қызметкерлері Алтынсарин-Әшімов көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде капоты ашық тұрған ВАЗ 2104 автокөлігін байқады. Полиция қызметкерлері Еркебұлан Шәкімжанов пен Аманжол Мұратов жүргізушіден көмек керек пе деп сұраған.

Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны генератордың белбеуі үзіліп, антифриздің ағып кеткенін айтқан. Өткен көліктерді тоқтату әрекеттері нәтижесіз болған. «Әскер 4» экипажының қызметкері Аманжол Мұратов ер адамды автобөлшектер сататын дүкендерінің біріне қажетті бөлшектерді сатып алуға апарып, ал оның серіктесі ішінде тауар жатқан ақаулы автокөлікті күзетіп қалған.

Белдікті ауыстырған жүргізуші полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, жолын жалғастырды.

«Көлік қызып, белбеу үзіліп кетті. Не істерімді білмей, абыржып қалдым. Жігіттер тоқтап, көмектесті. Оларға ықыласы мен көмегі үшін рақмет» , – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру