Көкшетау тұрғыны банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасаған
Көкшетау тұрғыны банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның банк картасынан ақша ұрлығын ашты. Полицияға арыз 34 жастағы ер адамнан келіп түсті.
Өтініш беруші оның банк картасынан 153 мыңнан астам теңге көлемінде ақша ұрланғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 43 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қаскүнем банк картасын көпқабатты үйдің ауласынан тауып алғанын және 3-6 ақпан аралығында азық-түлік және киім дүкендерінен сатып алған заттарының ақысын төлегенін мойындады.
Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер алынды.