Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны досының 400 мың теңгесін ұрлап кетті

Көкшетау тұрғыны досының 400 мың теңгесін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 28 сәуірде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны өтініш білдіріп жүгінді. 28 сәуірге қараған түні белгісіз тұлға оның банк картасын ұрлап алып, 400 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушінің 20 жастағы досы болып шықты. Жас жігіт досының үйінде қонақта болған. Жәбірленуші досына әлеуметтік желілерде отыру үшін ұялы телефонын берген, соңғысы мұны пайдаланып, өтініш берушінің депозитінен картасына ақшаны аударған. Кейін оның картасын алып, ақшаны қолма-қол етіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру