Көкшетауда алаяқ зейнеткердің телефонын алдап алған
Көкшетауда алаяқ зейнеткердің телефонын алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қазанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, сол күні сағат 10:30 шамасында белгісіз ер адам алдап, Samsung ұялы телефонды иемденген. Келтірілген залал сомасы 135 мың теңгені құрады.
Зейнеткердің сөзінше, ол ағасымен бірге Копа көлінде балық аулап жүрген, оған бейтаныс адам келіп, анасына қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұраған. Қарт адам өтінішіне бас тартқан жоқ.
Ер адам телефонмен сөйлескенде өтініш берушінің көзілдірігі жерге түсіп кеткен. Оны іздеу үшін төмен қараған кезде ер адам сол сәтті пайдаланып, жасырынған.
Бұл факт Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қаскүнемнің жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.