Көкшетауда “ақылды” қиылыстар 700-ден астам ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеді
Көкшетауда “ақылды” қиылыстар жыл басынан бері 700-ден астам ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде Ақмола облысының полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен анықтауды қамтамасыз етуде жедел басқару орталығы мен «зияткерлік қиылыстар» жүйесінің сыртқы бейнебақылау камераларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.
Көкшетауда зияткерлік қиылыстар ресми түрде 7 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Барлық бұзушылықтар жай ғана тіркелмейді, «Қазпошта» АҚ арқылы азаматтарға фото-бейнетіркеудің автоматты камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама және “1414″ абоненттік нөмірінен мобильді нөмірге sms-хабарлама жіберіледі.
Ақпарат екі орталыққа келіп түседі: бейнематериалдар жедел басқару орталығына, ал құқық бұзушылардың фотосуреттері-әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығына. Бақылау камералары тәулік бойы «онлайн» режимінде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында жедел басқару орталығының 232 камерасы, сондай-ақ 6 зияткерлік қиылысы жұмыс істейді.
Жыл басынан бері зияткерлік камералары 707 жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеді, оның ішінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру, жылдамдық режимінен асып кету сияқты елеулі бұзушылықтар бар.
Ақылды қиылыстардың мәні-оларда жылдамдық режимін сақтамау, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту сияқты бұзушылықтарды тіркейтін барлық жолақтардың фото және бейне түсіру камералары орнатылған. Сондай-ақ, тоқтау сызығынан өтіп кету сияқты бұзушылықты тіркейтін лазерлік датчиктер орнатылған.
Айта кету керек, егер айыппұл ерікті төлем мерзімінде, хаттама жасалған сәттен бастап 47 күн ішінде төленбесе, ол жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау үшін жіберіледі, өз кезегінде сізге салынған айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеу қажет болады.