Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында пробация қызметкерлері қиын жағдайға тап болған зейнеткерге көмектесті

19 мамыр күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен прокуратураның, пробация қызметінің, жергілікті полиция кызметінің және жергілікті атқарушы органдардын катысуымен пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар бойынша консультативтік кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бесқарағай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған үйсіз қалған, өмірлік қиын жағдайға тап болған зейнеткер сотталғанға көмек көрсету мәселесімен жүгінді. Кеңес барысында уақытша тұрғылықты жерін қарастыруды және жоғарыда аталған сотталғанды жақын туыстары болмағандықтан қарттар үйіне тіркеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.


Пробация қызметінің міндеттері тек қана жазаларды орындау ғана емес, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылғандықтан әрбір сотталғанға барынша көмектесуге тырысады.

Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру, оларды жұмыспен камтудың белсенді шараларында қарастыру, мемлекеттік медициналық көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру