Көкшетауда бұзақылық жасады деген күдікпен үш жігіт қолға түсті
Көкшетауда бұзақылық жасады деген күдікпен үш жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қазан күні облыс орталығының бірден үш тұрғыны бұзақылық фактісі бойынша Көкшетау қаласының Полиция басқармасына өтініш білдірді. Қаланың 20 жастағы тұрғыны 11 қазан күні сағат 16.30 шамасында фитнес-клубтардың бірінің маңында бейтаныс адам оған себепсіз дене жарақатын салғаны туралы полицейлерге хабарлады. Соның салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол уақытша жұмыс істемейтін, 26 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты. Жастар спортзалға келушілер екені белгілі болды, ал төбелестің себебі – бір-біріне қараған көзқарастары ұнамаған.
38 жастағы жәбірленуші полицейлерге 12 қазанда таңғы сағат 05.00 шамасында қаланың ойын-сауық орындарының бірінде белгісіз адам оған дене жарақатын салғанын айтты. Екі адам да дәмханаға келушілер екені белгілі болды, ал төбелеске қатысушылардың бірі әйелді қорғаған.
Сол күні 48 жастағы қала тұрғыны полицейлерден көмек сұрап, түскі ас кезінде кәсіпорындардың бірінің аумағында бейтаныс адам оған дене жарақатын салғанын хабарлады. Күдікті 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полиция қақтығыс монтажшылар мен күзетші арасында жұмыс уақытында пайда болғанын анықтады.
Барлық фактілер бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.