Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда гашиш сатумен айналысқан көпбалалы әке 6 жылға сотталды

Көпбалалы әке Көкшетау қаласының аумағында гашиш сатумен айналысқан. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш сатумен айналысқан 40 жастағы тұрғынға қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айыпталушының заңсыз әрекеті осы жылдың ақпан айында тоқтатылды. Көкшетау тұрғыны есірткіні материалдық баю мақсатында заңсыз сақтап, кейіннен өткізуге бағытталған қылмыстық ниеті болып, жалпы салмағы 9,46 грамм гашишті екі қағаз түйіншегін сатқан, бұл өз кезегінде үлкен өлшем болып саналады.

«Сатып алу – сату» мәмілесінен кейін бірден сатушыны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Оған қатысты тергеушілер ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Бірнеше ай бойы қажетті тергеу іс-шаралары мен сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша ақмола тұрғыны есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жазалау шарасын тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, атап айтқанда бес жас баланың болуы және сотталушының шын жүректен өкінуі ескерілді. Осы жылдың маусым айында Көкшетау қалалық сотымен ер адамға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру