Көкшетауда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде тағы көлік тізгіндеген
Көкшетауда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде тағы көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ЖҚЕ-нің кезекті өрескел бұзушылығының жолын кесті. 13 мамыр күні сеніп тапсырылған учаскені полиция қызметкерілері К.Ешимов пен А.Қойбағар құрамында «Әскер-1» автопатрульі патрульдеу барысында қала орталығында 52 жастағы жүргізушісі медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, “орта” дәрежелі мас күйінде болған Honda автокөлігі тоқтатылды. Сонымен қатар жүргізушінің көлік басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша іс қозғалды, оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Автокөлік жүргізушілерге мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төндіретінін еске саламыз.