Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында кросс өтті

Көкшетауда полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңында кросс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық іс-шаралармен Ақмола полицейлері кәсіби мерекені қарсы алды. Қазақстан полициясы күні қарсаңында шаңғы базасы аумағында департамент тарихында тұңғыш рет жаппай жүгіру өтті. Ауқымды кроссқа 90 полиция қызметкері қатысты, оның құрамында 78 ер азамат пен 12 нәзік жанды бой көрсетті.

Ашылу салтанатында спортшыларды “Динамо” денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Виктор Букреев қарсы алды. Полицейлерді алдағы мерекемен құттықтай отырып, спикер тәртіп сақшыларына спортпен шұғылдану және жақсы дене бітімін сақтау қажеттігін тағы да еске салды.

Жаппай жүгіру ережелеріне сәйкес, ер адамдар 3 шақырым қашықтықты, әйелдер 1,5 шақырым қашықтықты еңсеруі керек болды.

Айта кету керек, жарыс кезінде полицейлер төзімділік пен жеңіске деген ерік-жігердің жоғары деңгейін көрсетті. Әр қатысушы басынан бастап жарыстың аяғына дейін барлық қашықтықты абыроймен еңсеріп, тамаша дене дайындығын көрсетті.

Нәтижесінде ерлер арасында бірінші болып арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Асан Садуов мәреге жетті. Ал әйелдер арасында жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгері Аида Ақтанбай үздік атанды.

Екінші және үшінші орынды иеленген жүлдегерлерге департамент бастығының орынбасары Бақытжан Ералин “Еңбегі сіңген” наградаларын табыс етті. Арнайы сыйлықтармен жеңіл атлетикалық кросстың ең ересек қатысушылары да марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру