Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда пробация қызметкерлері еріктілермен бірге жалғызбасты әйелге көмектесті

Көкшетауда пробация қызметкерлері еріктілермен бірге жалғызбасты әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалғызбасты әйел қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінді. Екі күн бойы қар жауып, ауланы, кіреберіс есікті толығымен жауып тастағандықтан көмек сұрады. Жұмыспен қамту бөлімімен бірлескен жұмыстың арқасында пробация қызметкерлері мен еріктілер өтініш туралы білді.


Жастар таза ауада күрекпен жұмыс істеп, ауланы қардан тазартты, көмір әкелді, тұрмыста көмектесті.

Еріктілер қажет болған жағдайда Людмила Ивановна оларға тікелей қоңырау шалу үшін телефон нөмірін қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру