Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер есірткі қойып кетушілерді ұстады

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде екі дилерді ұстады. Ұсталғандар 28 жастағы ер адам және 22 жастағы қыз, олардан көк түсті ұнтақ заты бар 26 түйіршік тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталғандардың айтуынша, ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын олар 10 есірткі түйіршігін қойып үлгерген, кейін соны полиция қызметкерлеріне көрсеткен.

Сондай-ақ, ұсталғандардан олардың интернет-дүкенде есірткі заттарын өткізу бойынша есірткі қойып кетуші рөлінде жұмысқа қатыстылығы туралы дәлелдері бар мобильді құрылғылар анықталды.

Сонымен қатар, күдікті қыздан есірткіні қолдану фактісі анықталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру