Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер тонау жасаған күдіктіні жарты сағатта ұстады

Көкшетаулық полицейлер тонау жасаған күдіктіні жарты сағатта ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына тонау фактісі орын алғаны туралы облыс орталығының 18 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы 29 тамызда таңғы сағат 09:00 шамасында көкөніс павильонда белгісіз біреу өтініш берушіге дене жарақатын салып, ақша қаражаты мен халық тұтынатын тауарларды ашық түрде ұрлап кеткенін анықтады. Шығын сомасы 251 мың теңгені құрады.

Аталған фактіге сәйкес полиция басқармасы ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерден сауалнама жүргізіп, қаскүнемді іздеуге кірісті. ЖБО камераларының көмегімен тәртіп сақшылары күдіктінің көлік маркасын және оның облыс орталығы бойынша жүріп-тұруын анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қаскүнем жәбірленуші полицияға жүгінген сәттен бастап жарты сағат ішінде ұсталды.

Күдікті бұған дейін ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру