Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған астаналық тағы да мас күйде рөлге отырған

Көлік басқару құқығынан айырылған астаналық бір ай ішінде тағы да мас күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Н.Тілендиев даңғылында жүргізушісі өзін күдікті ұстаған Hyundai Elantra автокөлігін байқаған. Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, медициналық куәландыруға жіберілді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 30 жастағы жүргізуші “орта” дәрежеде мас болған.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде полицейлер ағымдағы жылдың 1 ақпанында 30 жастағы астаналықтың көлік құралын басқару құқығынан 1 жылға айырылғанын анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың, көлікті мас күйінде басқару фактілерінің, қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу мақсатында полицейлер «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде 190 мас жүргізуші анықталды. Көлікті мас күйде басқарған, бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші ұсталды.

Бұдан басқа, аталған кезеңде учаскелік полиция инспекторлары көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, полиция органдарында есепте тұрған адамдарды тексеру мақсатында әкімшілік учаскелерді аулалық және пәтерлік аралауды жүзеге асырды. 

Тәртіп сақшылары түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 26 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-қимылдардың 476 фактісі, ортақ пайдаланылатын орындардың ластануының 2727 фактісі, тыныштықты бұзудың 2421 фактісі, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 2307 факті, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде немесе үйден тыс жерде ересектердің сүйемелдеуінсіз болуының 424 фактісі кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру