Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жолдан шығып кетті: Ақтөбеде балалы жанұяға уақытылы көмек келіп жетті

Ақтөбелік полицейлер баласы бар отбасын суықтан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Самара-Шымкент” автожолының 977 шақырымында “ВАЗ-2114″ автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, тас жолдан шығып кеткен.

Жыраға түсіп кеткен көлікті полиция қызметкерлер байқап қалған. Салонда жүргізушіден басқа оның әкесі мен кішкентай баласы болды. Бастысы, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ауа температурасының төмен болуына байланысты полиция қызметкерлері жылыну үшін оларды жақын маңдағы кемпингке алып кетті.

Жүргізушінің әкесі, 69 жастағы қарт кісі қиын жол жағдайында жедел көмек көрсеткені үшін полицейлерге алғыс айтып, қызметіне табыс тіледі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалыс ережелерін мүлтіксіз сақтауды және мұқият болуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру