Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері елордалық тұрғыннан 7 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі

Көлік полицейлері елордалық тұрғыннан 7 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының Аспара – Құмөзек аралығында Астана қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған азаматтан жалпы салмағы 7,2 келіден астам, яғни аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана табылып, тәркіленген. 

Қылмыстық ниеті бар ұсталған адам 8 қыркүйекке қараған түні Астана қаласынан Шу қаласына келіп, Шу ауданынан есірткі затын теріп, өзімен бірге Астана қаласына алып кетпекші болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен тергеу басталды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру