Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері теміржол вокзалында жолаушыларға бетперде таратты

Көлік полицейлері 500 қорғаныс маскаларын тарату мақсатына арналған акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жолановтың бастамасымен НұрСұлтан қаласының теміржол вокзалында қорғаныс маскаларын тарату мақсатында акция өткізілді.

Бұл акция – халықтың карантиндік шараларды сақтай отырып, оның ішінде маскалық режимнің үй-жайларда ғана емес, көшеде де міндетті болып табылатындығын ескертіп, жолаушылардың өз денсаулықтарын сақтауына ден қою мақсатында маскалар таратып, көмек көрсетуге арналды.

Көліктегі Полиция департаментінің негізгі міндеті әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірлерінде карантиндік іс-шаралар жүргізілуде. Осыған байланысты санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау өте маңызды. Әсіресе, адамдар көп шоғырланатын әуе және теміржол көлігі нысандарында, – дейді Сарықұл Жоланов.

Оның айтуынша, ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерінің негізгі міндеттерін орындап қана қоймай, азаматтардың денсаулығына да қамқорлық көрсетуде.

Полиция полковнигі Нұр-Сұлтан станциясында жеке құраммен кездесіп, қызметтік жұмыстың басым бағыттарын белгіледі. Одан кейін “Нұр-Сұлтан – Сарыағаш” және “Алматы – Қостанай” бағытындағы жолаушылар пойыздарының жөнелтілуі мен келуі кезінде жолаушыларға қорғаныс маскаларын таратып, профилактикалық жұмысқа кірісті.

Өз кезегінде бұл акция елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше тосынсый болды. Осындай қиын кезеңде азаматтарға деген полицейлердің қамқорлығына алғыс білдіріп, бұл әрекеттерін жоғары бағалағандар да болды.

– Өз жұмыстарының күрделілігіне қарамастан тегін маска таратып, ерекше көңіл бөлген полицейлерімізге ризашылық білдіреміз. Бұл қазіргі уақытта үлкен көмек. Қиыншылығы мол қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!, – деп өз алғысын білдірді жолаушылардың бірі.

Азаматтардың басым көпшілігінің қорғаныс маскаларын тағуға жауапкершілікпен қарайтынын атап өткен жөн.Акция барысында көлік полицейлері жолаушыларға 500 қорғаныс маскасын табыс етті. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта да осындай бағыттағы жұмыстардың өз жалғасын табатындығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру