Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер сотталды

СҚО-да жыл басынан көлік құралын басқару құқығынан айырылған 19 мас жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданы полиция бөлімінің арнайы тұрағына «МТЗ-82» тракторы қойылды. Оны 18 шілдеде нөмірлік белгісі болмауына байланысты автопатруль тоқтатқан. 48 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған, қимыл қозғалысы бұзылған, алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Өткен күзде оның үш жылға басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Енді ол ірі мөлшерде айыппұл төлеуі, немесе бес жылға бас бостандығынан айырылуы, сондай-ақ өмір бойына жүргізуші құқығынан айырылуы мүмкін. Екі күн өткеннен кейін Жамбыл ауданында егістіктегі автожолда Қостанай облысының 49 жастағы тұрғыны «Volkswagen Caravelle» автокөлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай аударылған. Масаң жүргізуші емделуге жатқызылды. Бұрын ол масаң күйде көлік жүргізгені үшін екі рет жауапқа тартылған, екіншісі жаза салынғаннан кейін бір жылдан аз уақыт ішінде орын алған. Бұл әрекеті үшін оған сот шешімімен 2025 жылға дейін көлік басқаруға тыйым салынған.

– Масаң күйде көлік басқару – жолдағы апаттылықтың қаупін тудыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылығы, – дейді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Еңбек Сембин. – Қаңтар айынан бастап басқару құқығынан айырыла тұра, масаң күйде көлік жүргізгендер үшін жаза қатаңдатылды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті заңнамалық қадам.

Жыл басынан СҚО полицейлері сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша 36 іс жолдады. 19 қылмыстық іс бойынша 13 жүргізушінің бас бостандығы шектелді, үшеуі жазасын түзету мекемелерінде өтеуге, екеуі қоғамдық немесе түзету жұмыстарына тартылды. Олардың барлығына өмір бойына көлік басқаруға тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру