Көлік сатып алмақ болған өскемендік алаяқтың құрбаны болды
Көлік сатып алмақ болған өскемендік алаяқтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының басында Өскемен ПБ Сол жағалау ПБ-нің 102 жедел арнасына облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол сәуір айының ортасында белгісіз ер адам ВАЗ автокөлігін сату сылтауымен оның 1,5 млн теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Қылмысқа 31 жастағы жергілікті тұрғынның қатысты бар екені анықталды.
Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.