Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандарға кәсіптік білім туралы диплом тапсырылыды

Жамбыл облысында жазасын өтеушілерге кәсіптік білім туралы диплом тапсырылыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға кәсіптік білім алғаны туралы құжаттар тапсырылыды.

Түзеу мекемесінің жанындағы №5 техникалық және кәсіптік білім колледжінің «тас өңдеуші»  мамандығы бойынша 17 сотталған аяқтап, аталған оқу орнының дипломын алды.

Оқу құжатын мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қайнар Рахмандердиев тапсырды. Аталған азаматтар күндізгі оқыту негізі бойынша білім алған.        

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру