Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жазасын өтеушілер театр қойылымын тамашалады

Таразда жазасын өтеушілер театр қойылымын тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда жазасын өтеушілер театр қойылымын тамашалады. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіне арнайы келген облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық орыс драма театры Роберт Томаның “Тұзақ” спектаклін сотталғандардың назарына ұсынды.

Спектакль желісі бойынша әйелімен бірге бал айын тауда өткізген Даниэль полицияға оның жоғалып кеткені жөнінде хабарлайды. Бірнеше күннен кейін кюр қуанышты хабарды жеткізеді. Жоғалған Корбан ханым табылыпты. Бірақ үйде мүлдем бейтаныс әйел тұр. Полиция комиссары үшін бәрі түсініксіз. Ол ерлі-зайыптылардың қайсысына сену керектігін білмей абдырап қалады. Сонда ғана басты кейіпкер Даниэль өзінің шебер ұйымдастырылған тұзаққа түскенін болжайды.

Театр әртістерінің өздеріне тиесілі рөлдерді жоғары деңгейде орындауы көпшілікті сүйсінтті. Өнер адамдары осылайша алдап-арбаудың ешқашан абырой әкелмейтінін, керісінше, әр көңілде сенімсіздік ұялатып, кесапатқа душар ететінін шебер жеткізе білді.

Өз кезегінде жазасын өтеушілер рухани демалыс сыйлағандары үшін қойылым әртістеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру