Көлік терезесінен денесін сыртқа шығарған атыраулықтар видеоға түсіп қалды
Құлсарыда жүріп келе жатқан көлік терезесінен денесін шығарғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 маусым күні Атырау облысы Құлсары қаласының орталық көшесімен қауіпсіздік шараларын сақтамай жүріп бара жатқан автокөлік Жылыой ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасымен анықталған.
Видеода екі жігіттің көлік терезесінен денесін шығарып, мемлекеттік туды ұстап тұрғандарын көруге болады. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісіне және екі жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 593 және 619-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.