Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мигрант” ЖААШ: 300-ге жуық ҚР азаматы шетелдік қонақтар туралы полицияға хабар бермегені үшін жауапқа тартылды

ШҚО-да 300-ге жуық ҚР азаматы шетелдік қонақтар туралы полицияға хабар бермегені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел алдын алу шарасын өткізудің жеті күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 865 шетелдіктер (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 37 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды. 

Қазақстан Республикасының 293 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 40 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел алдын алу шарасы аясында “қос” азаматтықты иемденуі бойынша үш факт анықталды.

12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысының объектісін тексеру кезінде еңбек қызметін жүзеге асыру рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының төрт азаматы анықталды.

Жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша үш күнге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Мигрант” ЖААШ ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру