Көлік жүргізу құқығы жоқ ақмолалық ұрланған көлікпен кюветке аударылған
Көлік жүргізу құқығы жоқ ақмолалық ұрланған көлікпен кюветке аударылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зеренді ауданының полиция бөліміне Зеренді ауылының 20 жастағы тұрғыны 30 қаңтарға қараған түні үйдің ауласынан белгісіз адам ВАЗ-2114 автокөлігін ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Жәбірленуші айтқандай, ол алдыңғы түні көлігін ауласына қойған. Ер адам көліктегі ақауларға байланысты тек 3 есік құлыпталғанын, артқы сол жақ есік ашық қалғанын айтып түсіндірді. Осы ашық қалған есікті пайдаланған ер адам көлікті ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын ұрлық пен көлік ұрлау фактілері бойынша жауапқа тартылған Зеренді ауданы Бәйтерек ауылының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.
Көрші ауылдағы таныстарына келген жас жігіт ішімдік ішіп, түнде үйіне оралуға басқа біреудің көлігін пайдаланудан артық ештеңе ойлап таппаған. Алайда үйіне жете алмады. Бәйтерек ауылына жетер-жетпес жолда рульді басқара алмаған ер жігіт кюветке аударылып, көлікті тастап, жолды жаяу жалғастырған. Полиция қызметкерлеріне күдіктіні табуға көліктен табылған аяқ киімінің ізі көмектесті.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктіде ешқашан көлік құралын басқару құқығы болмаған.
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.