Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Өскеменде көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 2:00-де облыс орталығын патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Егоров көшесімен келе жатқан 39 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші масаң күйде болған.

Сондай-ақ, ер адам 2020 жылы 2027 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ӨАталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру