Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан 1,6 келі марихуана тәркіленді

ШҚО тұрғынынан 1,6 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ШҚО ПД кинология қызметімен бірлесіп, есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адамның тұрғылықты жерін шұғыл тінту кезінде полицейлер бір полиэтилен пакет пен өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакетті тауып алған. Сонымен қатар, веранда да ақ жаймаға оралған ұқсас зат табылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті шамамен 1,6 келі марихуана сақтаған.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру