Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікке жалған нөмір таққан павлодарлық анықталды

Көлікке жалған нөмір таққан павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан Toyota Camry автокөлігіне бағдар берген.

– Бұл көлік Естай көшесінде анықталған. Тексеріс көрсеткендей, автокөлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері орнатылған. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімі бойынша хаттама толтырылды. Материал мамандандырылған сотқа жіберілді, – хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жүргізушінің айтуынша, қала ішінде мемлекеттік нөмір белгісін жоғалтып алған. Ешкім байқамайды деп көлігіне жалған нөмірді орнатып алған.

Аталған баптың санкциясы 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру