Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен 600 келіден астам бекіре табылды

Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары – Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру