Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктерді заңсыз айдап кеткен жігіт ұсталды

Тараз полицейлері көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ресей Федерациясында есепте тұрған «ВАЗ» автокөліктерін ұрлағаны үшін Батыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

Автокөлік ұрлығы 2020 жылдың қазан және қараша айларында Тараз шағын аудандарында орын алған.

Ұрланған бір автокөлік Алматы қаласынан, қалған екеуі Түркістан облысынан табылды.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру