Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушілер саны азаяр емес

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде басқару фактілері кездесуде.

7 желтоқсан күні түнде Ақтөбе облысының полицейлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 29 жастағы мас “ВАЗ-21114” жүргізушісін ұстады.

Алкогольдік масаңдық белгілері бар жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, онда сараптама нәтижелері бойынша жүргізушіде алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі көрсетілген.

Алкогольдік масаң күйде құқықсыз жүргізгені үшін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Жүргізушілерге ең алдымен, өздерінің өмірі мен амандығы туралы ойлануға кеңес беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру