Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері «Біз қылмысқа қарсымыз» акциясын өткізуде

Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының жеке құрамы республикалық маңызы бар автожолдарда «Біз қылмысқа қарсымыз» акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк таситын көлік құралдары мен автобустардың жүргізушілеріне қатысты жасалатын қылмыстардың (ұрлық, тонау, қарақшылық, бопсалау және басқада) алдын алу. Республикалық маңызы бар қала сыртындағы автожолдарға қызмет көрсететін саптық бөліністердің барлық полицейлері қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша қажетті ақпараттық-анықтамалық құжаттамамен қамтамасыз етілген. Ауданның аумақтық полиция бөлімдерінің басқа да мүдделі қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

Күн сайын автопатрульдеу барысында патрульдік полиция инспекторлары жүк автокөлігінің жүргізушілерімен алдын-алу профилактикалық әңгімелерін жүргізеді. Полицейлер жүргізушілерге жүк көліктерін тек қана күзетілетін және жарықтандырылған тұраққа қоюды, жүкті ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Сондай-ақ, қылмыстарға жедел әрекет ету үшін жүргізушілерге әр ауданның полиция бөліміндегі кезекші бөлімдерінің және Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының нөмірлері көрсетілген жарнамалар таратылады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлайды: егер сіз қылмыстың немесе, республикалық маңызы бар автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының куәгері болсаңыз, «102» нөміріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру