Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдік ішіп, көлік жүргізген СҚО-ның 261 тұрғыны жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ішімдік ішіп, көлік жүргізген 261 адамды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлікті масаң күйде жүргізгені үшін көзделген жауапкершіліктің қатаңдатылғанына қарамастан, кейбір жүргізушілер темір тұлпарды масаң күйде тізгіндеуді доғармай келеді. Аталған фактілерді анықтау және жолын кесу – жергілікті полиция қызметі жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі
болып табылады.

Осындай факті СҚО полицейлерімен №2 “Мамлютка” блок-бекетінде 10 мамыр күні анықталды. “Audi-100” автокөлігін басқарған Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны қаладан шықпақшы болған. Одан алкогольдің иісі шығып тұрған.

Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті. Бұдан бөлек, ер адамда блок-бекеттен өтуге рұқсаты болмаған, жүргізуші куәлігін де ешқашан алмаған. Сондай-ақ, оның бір жыл ішінде көлікті масаң күйде басқару құқығынсыз жүргізгені үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 7-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырды. 11 мамыр күні сот шешімімен
оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Жазасын өтегеннен кейін бұзушы сот алдына қайта барады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша материал жинады.

Масаң күйде рөлге отырған жүргізуші өзіне және айналасындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді,- деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов. – Жыл басынан облыс жолдарында ащы су ішіп алып рөлге отырған жүргізушілердің кесірінен алты жол-көлік оқиғасы орын алды, жеті адам жарақат алып, үшеуі қайтыс болды. Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 261 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру