Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колонияда “Ұлы Абайға 175 жыл” кітап көрмесі ашылды

Шығыс Қазақстан облысының қоныс колониясына “Ұлы Абайға 175 жыл”  атты кітап көрмесі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ-156/16 қоныс колониясында сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің қызметкерлерінің ұстанымымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы қарсаңында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арнайы кітап көрмесін ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің негізгі мақсаты – ұлы Абайдың шығармашылығы арқылы сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар жұмыс жүргізу.

– Кітап көремесінде Абай Құнанбаевтың шығармалары, М.Әуезовтың “Абай жолы” атты роман-эпопеясы, Абайтанушылардың ғылыми мақалалары, “Абай” атты әдеби журналдар, сонымен қатар Абай атындағы кітапханалар мен музейлердің фото суреттерімен қамтылған. Сотталушылардың өз тарапынан осы ашылған кітап көремесіне деген ерекше қызығушылықтарын танытқаны және Абай шығармаларын оқуға бет бұрып жатқандығы да қуантады, – деді мекеменің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ж. Рамазанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру