Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колонияға телефон кіргізбек болды

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ қызметкерлері қатаң тәртіптегі колонияға ұялы телефонды кіргізу әрекетін кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатаң тәртіптегі колонияның жедел қызметкерлері ұялы телефонды алып өту әрекетін кесті.

Ауыр қылмысы үшін 10 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталғанға жұбайы ұялы телефонды етіктің ұлтарағының астына тығып кіргізбек болған.

ОВ 156/15 мекемесінің жедел уәкілдері бандерольдерді, сәлемдемелерді беру кезінде MAXVI маркалы ұялы телефонын және билайн, теле 2 операторларының сим карталарын аяқ киім табанының ішінен тауып, тәркіледі.

Хабарламада айтылғандай, бұл үшін сотталушының жұбайына әкімшілік жауапкершілік немесе 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын болады.

Аталған факт ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті мекемесінің есепке алу және ақпарат кітабында тіркелген және ҚР Қылмыстық кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

“ҚАЖ мекемелерінің аумағында тыйым салынған заттарды алудың бірнеше рет алдын алуға және мысалдарына қарамастан, сотталғандардың туыстары мен жақындары мекеменің аумағына тыйым салынған заттарды қулық – айла әдістермен кіргізуге тырысады. Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері бұл бірінші жағдай емес”, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ басшысының орынбасары Қанат Зиянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру