Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Контрафактілік өнімдерді заңсыз сату дерегі анықталды

Түркістан облысы полицейлері “Контрафакт” іс-шарасы барысында 7 қылмысты анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
17-21 ақпан күндері аралығында Түркістан облысының аумағында “Контрафакт” Республикалық жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның негізгі мақсаты-авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік саласындағы қылмыстарды
анықтау және жолын кесу, компьютерлік технологиялар құралдарын
пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды ашу.
Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері “Контрафакт” жедел-
профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 7 қылмысты
анықтады. 5 авторлық және сабақтас құқықтарының бұзылуы және 1 порнографиялық сипаттағы материалдардың таратылуы жолын кесті.

Полицейлер 17 ақпан күні Сайрам ауданы Ақсукент кентіндегі көшелердің бірінде СД және ДВД-дискілерде контрафактілік өнімдерді заңсыз сату дерегін анықтады. Сайрам ауданының тұрғынынан тәртіп сақшылары дискілер мен басқа да айғақты заттарды тәркіледі. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 198- бабы (Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір тәуліктен кейін, жүргізілген жедел іс-шаралар аясында Кентау қаласының полиция қызметкерлері қалалық базарлардың бірінде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайты бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе
алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Полиция қызметкерлері 50-ден астам контрафактілік дискілер, компьютерлік техника және порнографиялық материалдары бар 3 дискті тәркіледі.
Естеріңізге сала кетейік, “Контрафакт ” жедел- профилактикалық шарасы Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 21 ақпанына дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру