Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Коронавирус, кет”: ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашу рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті. 

Жамбыл облысы Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

 Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері  төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар өткізеді. Елімізде аталған режим енгізілгелі  бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескертіліп, бес адамға әкімшілік жаза қолданылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.