Көршілерінің мазасын алған мас екібастұздық жауапқа тартылды
Көршілерінің мазасын алған мас екібастұздық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір түн ішінде Екібастұз полицейлері 11 хабарлама бойынша отбасылық жанжалға шықты. Мысалы, түнгі сағат 02:50-де М.Жүсіп көшесінде отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Шақыруға келген полицейлер 59 жастағы ер адам мас күйінде көршілерінің есіктерін қағып, жанжал шығарғанын анықтады. Жанжал шығарған ер адам уақытша бейімдеу және детоксация орталығына жеткізілді. Учаскелік инспектор ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша хаттама жасады.
– Соңғы тәулікте Павлодар облысында барлығы уақытша бейімдеу және детоксация орталығына барлығы 112 адам жеткізілді және орналастырылды, – деп атап өтті полицияда.
Алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер бұл бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, бұзушыға 10 АЕК айыппұл немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.