Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон қызметі акция өткізуде

Нұр-Сұлтан қаласының ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының азаматтығын ресімдеу бойынша акция өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД көші-қон қызметі 24 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамдардың куәлігін ресімдеу үшін мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтау бойынша акция өткізуде.

2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін құжаттары жоқ адамдар тұрғылықты мекенжайы бойынша көші-қон қызметі бөліміне немесе Нұр-Сұлтан қаласы Иманов көшесі 31 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының ПД Көші-қон қызметі басқармасына жүгіне алады. 

Мәртебесі заңмен реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында іс-шара өткізу барысында 20 жылдан астам уақыт  құжатсыз тұрып келген Ақмола облысы Арықты ауылының 58 жастағы тұрғыны анықталды. Әйел адам 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын 1998 жылы жоғалтқан және осыған дейін құжаттарын қалпына келтіру үшін көші-қон қызметіне жүгінбеген.

Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматшаның құқықтық мәртебесін анықтап, зейнеткерді Қазақстан Республикасының жеке куәлігімен құжаттандырды.

Сондай-ақ полицейлер Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын Уфа қаласының тумасына құқықтық мәртебесін анықтауға көмек көрсетті. 61 жастағы ер адам Қазақстан аумағына 1993 жылы досының шақыртуы бойынша келген. 2014 жылға дейін түрлі мекемелерде жұмыс істеген. Оның айтуынша, ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын 1996 жылы жоғалтып алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру