Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көздің қарашығындай қос ардагер тірі қалды

Алматы облысында көздің қарашығындай қос ардагер тірі қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлер соғыс жылдарынан кейін ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сембек Кожахметов биыл 95 жасқа толды. Ол – жазиралы Жаркент өңіріне ғана емес, Алматы облысына қадірменді қариясы. 1925 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1942 жылы мектеп қабырғасында жүрген 17 жастағы бозбала Кеңес армиясы қатарына алынған. Ұрыс кезінде бірнеше жарақат алған. Шайқаста батырлық пен ерлік көрсеткені үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа медальдармен марапатталды. Ол 1951 жылы әскерден еліне оралған. 1951 жылдан 1976 жылға дейін ішкі істер органдарында түрлі қызмет атқарды. ІІО қатарындағы қызметі үшін «Ел игілігіне еселі еңбегі», «1,2,3 дәрежелі ІІО-да мүлтіксіз қызметі үшін», «Қоғамды,тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен қатар көптеген құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тәңірберген Толғанбаев 1923 жылы 7 мамырда дүниеге келген. 1934 жылы Аксу қазақ орта мектебін бітіріп, 1942 жылы 19 жасында Кеңес әскер қатарына алынды. Т. Толғанбаев Днепр үшін болған шайқаста өз атын өшпес даңққа бөледі. «Германияны Ұлы Отан соғысында жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», «Кеңес милициясына 50 жыл» медальдарымен және көптеген құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соғыстан елге аман-есен оралғаннан кейін Талды-Қорган облысы, Аксу ауданының ішкі істер органдарында 1951 жылдан 1975 жылға дейін әртүрлі қызметтер атқарды.

 

«Алматы облысында ішкі істер органдарында қызмет еткен екі соғыс ардагері, соғыс ардагерлеріне теңестірілген бес тұлға, соғыс ардагерлерінің алты жұбайы және тылда еңбек еткен 12 ардагер бар. Отан алдындағы өлшеусіз еңбегі үшін аталған ардагердерге Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына орай құрмет көрсетіліп, облыстық Полиция департаменті тарапынан сыйлықтар табыс етілді»,- деп хабарлады Алматы облысы Полиция Департаменті басшысының орынбасары Серік Жүнісбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру