Күйеуін қызғанғандықтан құрбысын өлтірген әйел 15 жылға бос бостандығынан айырылды
Құрбысын өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған әйел, тек 8 жыл өткеннен кейін ғана күйеуін кешіруге шешім қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйелдер колониясында сотталған Екатерина мекеме әкімшілігіне өзімен бірге сегіз жыл бұрын сотталған азаматтық некеде тұрған күйеуін табуға көмек сұрап жүгінді. Қазіргі уақытта ол да басқа облыста жазасын өтеп жатыр.
– Мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз, қазір мен тым болмаса күйеуім жазасын өтеп жатқан мекеменің мекен жайын білемін. Маған онымен видео арқылы сөйлесуге де рұқсат берілді. Әрине, хат жазуға да болады, бірақ хат алмасу видеомен көргендей болмайды , ал мен оны көргім келді. Мен оған қарап өз сезімімді айтқым келді. Сегіз жыл бойы мен өзім үшін көп нәрсені түсіндім, көп жағдайды ойлап, қолымдағаны бағалауды түсіндім. Иә, басында өкініш пен реніш болды, өйткені күйеуіме деген қызғаныш сезімім үшін онымен бірге айтарлықтай ұзақ мерзімге сотталдық, екі балам да өкінішке орай жырақта. Қазіргі уақытта олар қамқоршылық отбасында. Сол үшін оны кешіре алмадым. Болған жағдайдан кейін өзіме жақын адамдардан күйеуім мен балаларым ғана қалғанына көзім жетті. Мен балаларыммен жиі телефонмен хабарласып тұрамын және қамқоршылық отбасының ата-анасына балаларым үшін алғысымды айтқым келеді. Барлығын уақыт емдейді, менің бостандыққа шығатын уақытым да жақындап келеді. Балаларыма тезірек оралуымды армандаймын. Мен өзіме жақын адаммен араласудан бас тартқанымды түсіндім, оның өмірі туралы сөйлескім келеді, көргім келеді, білгім келді. Онымен сөйлескеннен кейін мен жалғыз емес екенімді түсіндім, ол менің болақшаққа деген үмітімді арттырды, – дейді Екатерина.
Кезінде әйел күйеуін қызғанып, аса ауыр қылмысқа барып, құрбысын өлтірген. Бұл үшін ол 15 жыл мерзімге жазаға тартылған.
– Мекемеде мұндай онлайн кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады, жазасын өтеп жатқан әйелдер балаларын, жұбайларын және ата-аналарын көріп тұра алады. Бұл сотталғандардың мінез-құлқы мен психоэмоционалдық жағдайына оң әсерін береді. Бірақ аталған кездесуді ұйымдастыру үшін біраз жұмыс қажет етті. Алдымен оның күйеуінің қайда екенін анықтау керек болды, өйткені оның айтуынша, ол да жазасын өтеп жатыр. Ол үшін колонияларда жұмыс істейтін әріптестерімізбен байланысқа шықтық, сотталушы күйеуінің қай жерде жазасын өтеп жатқанын нақты білмегендіктен, колонияларға өтініштер жіберілді, – деп атап өтт №23 мекеменің аға жедел уәкілі Дарья Аписарова.