Күршім ауданының тұрғыны 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған
Күршім ауданының тұрғыны 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күршім АПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары "Марқакөл табиғи қорығы" РММ қызметкерлерімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақ - Марқакөл көлінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде балықты заңсыз аулау фактісі анықталды.
Ауданның 45 жастағы тұрғынының қорасын тексеру барысында жалпы салмағы 127,15 келі "майқан" тұқымдас балығының 86 данасы табылып, тәркіленді.
Шығын сомасы - 600 мың теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.