Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күршім ауданының тұрғыны 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған

Күршім ауданының тұрғыны 130 келіге жуық балықты заңсыз аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күршім АПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары “Марқакөл табиғи қорығы” РММ қызметкерлерімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақ – Марқакөл көлінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде балықты заңсыз аулау фактісі анықталды.

Ауданның 45 жастағы тұрғынының қорасын тексеру барысында жалпы салмағы 127,15 келі “майқан” тұқымдас балығының 86 данасы табылып, тәркіленді.

Шығын сомасы – 600 мың теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру