Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күзет құрылымының басшысы алғыс хатпен марапатталды

Маңғыстау облысының Полиия департаментінде күзет қызметін бақылау бөлімшесі мен жеке күзет ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесте Маңғыстау облысының ПД күзет қызметін бақылау бөлімшесінің 2020 жылдың 11 айында атқарған жұмысы, халық арасында нысандар мен үйлерді мамандандырылған күзет қызметіне тапсыруға ынталандыру бойынша өткізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ ішкі істер органдарының жеке күзет ұйымдарымен өзара іс-қимылы сияқты мәселелер қарастырылды.

Жиын соңында қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін «Security For All» ЖШС директоры Дингуат Байжанов ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру