Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 364 құқық бұзушы анықталды
Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 364 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай режимін бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы) 242 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде сот шешімімен 11 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 44-не айыппұл салынды, 159-і әкімшілік қамауға алынды.
Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұздың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) 122 дерегі анықталып, сот шешімімен екі құқық бұзушыға ескерту, 12-не айыппұл, 92 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 азаматтардың үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды.