Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 150-ге жуық полицей мен әскери қызметші жарақат алды

ШҚО-да 150-ге жуық полиция қызметкері мен әскери қызметші жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Топтама 5 қаңтардағы бейнебақылау жүйелері мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған. Онда жүздеген агрессивті адамдар тәртіпсіздіктердің, тонау және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге атсалысқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасап, ұрып-соққан.

Полицейлер қаладағы құқықтық тәртіпті қорғап, заңсыздыққа қарсы шықты.

Террористік шабуылдардың жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдарға тойтарыс беруі нәтижесінде 128 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру