Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Лауазымды тұлғалар мен мердігер компания басшыларына айыппұл салынды

Ауа – райының нашарлауына байланысты (қардың қалың жаууы, желдің күшеюі, бұрқасын болуы) Павлодар облысында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеулер қойылды.

27.01.2020 жылы сағат 09:00-де “Toyota Land Cruiser 200” маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың жабықтығына қарамастан, жол полициясының жабық тұрған постын Екібастұз арқылы айналып өтіп , Қызылорда-Павлодар тас жолында рөлді басқара алмай жол көлік апаты орын алды. Апат салдарынан 2 жолаушы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл жағдайдың бәрі жолдың тайғақ және қарлы боранның салдары.

Бұған дейін, 19.01.2020 жылы, Ақсу қаласындағы Жолқұдық кентінің жанындағы «Ленин-Ресей полянасы» тас жолында «ВАЗ-21100» маркалы автокөліктің жүргізушісі алдындағы көліктен басып озып рөлге ие бола алмай қарсы беттегі “JAC” көлігіне соқтығысқан болатын. Апат салдарынан “JAC” автокөлігінің екі жолаушысы және “ВАЗ-21100” автокөлігінің 4 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Себебі, жолда мұз тайғақ болған.

Осы оқиғаларға сәйкес «Жол қызмет басқармасы – 60» және «КазахАвтодор» ЖШС, «Жол қызмет басқармасы – 61» учаскесінің бригадиріне  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабы «Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды, 79.530 теңге айыппұл салынды.                                                                                                                                  Сонымен қатар, жолдарды уақтылы тазаламағаны үшін «Жол қызмет басқармасы -62», «Жол қызмет басқармасы -74» және «ҚазақАвтодор» ЖШС басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабының 1-бөлігі «Жолдарда жұмыстар жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып 132 530 теңге айыппұл салынды. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың басынан бастап әкімшілік полиция қызметкерлері 100-ден астам жол-сауалнама жүргізді, оның нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы 110 нұсқама жасалып. Жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру