Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлауға оқталған күдікті жылқы атып алған

Қызылорда облысында мал ұрлауға оқталған күдікті жылқы атып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 2021 жылдың 3 қаңтарында 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің ауыл маңында жайылып жүрген жылқысын ұрлауға әрекеттенгендігі туралы шағымданған. Арызданушы белгісіз адамдардың оның жылқысын атып алып, ұрлауға оқталғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл қылмысқа 31 жастағы ауыл тұрғынының қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті тұлға қылмыстық әрекеттерін белгісіз себептермен соңына дейін жеткізе алмай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру