Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығы азайды

Алматы облысында мал ұрлығы дерегі азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері алдын алу шараларының арқасында мал ұрлығы деректерін 31,6% – ға азайтты. Қылмыстардың басым бөлігі тәулік ішінде “ізі суымай” ашылады.

Сонымен қатар, бұрын жасалған 70-ке жуық ұрлық ашылған. Мал ұрлығы үшін 112 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 28 қылмыстық топ құрықталған. 506 мал басы заңды иелеріне қайтарылды, оның 28-і жылқы, 75-і ірі қара мал, 403-і ұсақ мал.


Мысалы, ақпан айында ірі қара малды ұрлауға маманданған алты адамнан құралған ірі қылмыстық топ әшкереленді. Олар жалпы саны 33 мал басын ұрлаған, олардың осыған ұқсас 15 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді.


Одан өзге, жыл басынан бері тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаудың 424 дерегін анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына, яғни ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуға сәйкес, әкімшілік хаттама рәсімделді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру