Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мамандандырылған күзет қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мамандандырылған күзет қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы қаңтар оқиғасы полиция қызметкерлерінің антқа адалдығын айқындаған оқиға болды. Жаппай тәртіпсіздіктердің ең ірі ошағы болған Алматы қаласындағы ереуіл кезінде Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы ең алғашқы соққыларды қабылдады. Еліміз бойынша ауыр зардап шеккендер де Алматы әкімшілігінің күзетінде тұрған полиция қызметкерлері. Жаппай тәртіпсіздік кезінде аталған басқарманың 200-ден астам қызметкері түрлі жарақат алды, ереуілшілердің соққысының астында қалды. Бірқатар қызметкерлер ауыр соққылардан өмір мен өлімнің арасында жанталасты, бірқатары әлі де сапқа қайтадан қосылған жоқ. Алайда қандай қиын жағдайды бастан кешсе де, олар Отан алдындағы антына адал болды.

23 маусым Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесіне орай Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 3 полицейі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ең жоғары наградалармен марапатталды.

2022 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін адал орындап, батылдық танытқаны үшін Алматы қаласы МКҚБ қызмет инспекторы Мәрлен Ережепбаев ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталса, взвод командирінің орынбасары Аслан Құнанбаев пен МКҚБ полицейі Нұржан Көпжасаров “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру